СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР
ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АЙМАҚТА ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛАДЫ. Демалыс күндері қалада күндіз күн бұлтты, түнде жауын-шашынды. Дегенмен, ауа температурасы 6 градус жылы болады. Ал облыс аумағында қар аралас жаңбыр жауады, деп күтілуде. Түнде көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Сондықтан синоптиктер жолаушыларға алыс сапарға шығуды әзірге кейінге қалдыруға кеңес береді.
07.11.2025 19:14
AQTOBE TV
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»: ҚАЛАДА ТҮНГІ РЕЙД ӨТТІ. Шаһарда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған рейдтік шаралар өтті. «Заң және тәртіп» қағидаты аясында патрульдік полиция бір түннің ішінде 60-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықтады. 
Оның ішінде төрт жүргізуші мас күйінде көлік басқарған, тоғыз адам жүргізуші куәлігінсіз көлік тізгіндеген. Сондай-ақ он бір жағдайда тұрғындардың тыныштығын бұзу фактілері тіркелді. Бұдан бөлек, патрульдік қызмет экипаждары азаматтардан түскен 68 шақыртуды орындады. 
07.11.2025 19:12
AQTOBE TV
ӘЛЕУМЕТТІК АЗЫҚ ТҮЛІК БАҒАСЫНДА ӨЗГЕРІС БАР.
Қалада әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағаларында өзгеріс бар. Ал, кей тауарлардың бағасы керісінше, арзандаған. Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, баға индексі жыл басынан бері 113 пайызды құрады. 
Соңғы бір аптада әлеуметтік маңызы бар тауарлардың баға индексі 99,9 пайызды құраған. 
07.11.2025 19:10
AQTOBE TV
21 ҚАРУ-ЖАРАҚ ТӘРКІЛЕНДІ. Өңірде «Учаске» жедел-профилактикалық шарасы басталғалы 173 мың пәтер мен жеке үйлерге рейд жүргізілді. Оның барысында 3484 азамат әкімшілік жауапқа тартылды.  
Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары саяжайлар мен шаруа қожалықтарын назарға алған. Мақсат - түрлі құқықбұзушылықтар мен қылмысты болдырмау. Учаскелік жедел алдын алу шарасы 1 желтоқсанға дейін жалғасады. 
07.11.2025 18:42
AQTOBE TV
АРНА АРДАГЕРІ ҚАЖЫ ҚОРҒАНҰЛЫ 85 ЖАСТА. Қазақ телевизиясының көрнекті өкілі, Ақтөбе телеарнасының алғашқы дикторының бірі- Қажы Қорғанұлы 85 жасқа толды. 
07.11.2025 18:36
AQTOBE TV
АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕБІ. Бүгінде 300 мыңнан астам тұрғыны бар Алматы ауданына 35 тұрғын алап пен 352 бау-бақша ұжымы кіреді. Әр елдімекеннің өзіндік мәселесі, шешімін таппаған проблемасы жетерлік. Аудан басшысы жылды қорытындылап, халық алдында есеп беру үшін әр елдімекенді аралап кездесу өткізіп жүр.  
07.11.2025 16:57
AQTOBE TV
Made on
Tilda