МАРАТ ОСПАНОВ
Марат Тұрдыбекұлы Оспанов (17.09.1949, Ақтөбе – 23.01.2000, Алматы)- Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің тұңғыш төрағасы .Қазақстан Республикасындағы парламентаризмнің, көппартиялық жүйенің және демократия негіздерінің негізін салушылардың бірі. Төрт шақырылымның депутаты: XII және XIII сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің, I және II сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. Экономика ғылымдарының докторы, «Еуразия» халықаралық академиясының академигі.1992-1994 жылдары - Бас мемлекеттік салық инспекциясының бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бірінші орынбасары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі төрағасының орынбасары, 1995 ж. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi.1999 жылдың мамырынан - «Отан» партиясы төрағасының орынбасары.«Тұрақтандырудан өсуге» экономикалық бағдарламасының авторы, Қазақстан Республикасының бірінші Салық кодексін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Декларацияны әзірлеуге қатысты.Еңбек жолын Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитетінің Есептеу орталығының ғылыми-зерттеу институтында кіші ғылыми қызметкер болып бастады; 1971-1972 жж Кеңес Армиясы қатарында қызмет етті.Көрнекті экономист, саясаткердің мерейтойына орай шаралар дайындап жатқан Марат Оспанов атындағы қоғамдық қор ашылды. М.Оспановтың мақалалар жинағы, екі кітабы жарық көрді, өмірі мен шығармашылығы туралы бейнефильм түсірілуде. Фотокөрме дайындалды. Университет студенттеріне М.Оспанов атындағы шәкіртақы тағайындалды.
Made on
Tilda