Ойсылқара-тарихи этнографиялық ескерткіші. Әулиелі Ойсылқара өңірі қазақтың кең сахарасының табиғаты көз тартарлық әсем бұрыштарының бірі.
Ол Хромтау қаласынан 35 км жерде орналасқан, бұл өңірде басын Мұғалжар тауларынан алатын Көкпекті Ойсылқара атты өзендер бар.
Ор өзенінің сол жақ жағалауында 100 метрдей қашықтықта биіктігі 4 метрдей биік төбе басында «Ойсылқара әулие» обасы орналасқан. Обаның бастапқы биіктігі қазіргі күйінен әлдеқайда биіктеу болған секілді. Бірақ ғасырлар бойғы табиғат құбылыстарының әсерінен обо аласарған әртүрлі пішіндегі үлкенді-кішілі тас үйіндісінен тұратын обаның қазіргі биіктігі 1 метр, диаметрі-1,5м.
Облыстық тарихи-өлкетану мұражайының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері: Р.Илиясованың,ұлттық тарихи мұраларды зерттеу мақсатында ұйымдастырылған экспедициясы өздерінің зерттеу нәтижиесіне,ел аузындағы айтылған деректерге және әр дәуірдегі жерлеу кешендерінің ерекшелігіне сүйеніп, Ойсылқара обасын YI ғасырға жатқызды.
2005 жылы 14 шілдеде «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында, Ойсылқара әулие басына белгі орнатылып,ескерткіш құлыптас қойылып, ас берілді.
Оба айналасындағы таптаурын болған жалғыз аяқ жол-дертіге шипа іздеген халықтың ертеден-ақ киелі орынға айналдырғанын дәлелдей түседі.