Ақтолағай – Орал алды үстіртінің оңтүстік-батысындағы қырқалы тау сілемі.Тереңдіктерде орналасқан ас тұзының қойнауқаттары оларды үстінен жаныштаған қатқабаттар салмағының әсерінен аққыштық қасиетті иеленеді де, әр түрлі жарықтар мен өзге де осал өңірлер арқылы жоғары қарай жылыстайды, осылайша тұзды ядродан тұратын, ал жербедерде көтерілімдермен сипатталатын арнаулы қатпарлар қалыптасады. Бұл процесс тұз тектоникасы деп аталады. Каспий маңы ойысының көптеген тұзды күмбездері мұнай-газ кен орындарын кіріктіреді.Кертпеш шатқалдарындағы геологиялық қабаттар бүгінгі Венгрияға дейін көлкіген жылы теңіз түбінде түзілген. Үстіртті қоршаған аймақтардың бедері биіктігі 60-80 м-лік төбелер мен қырқалар түріндегі тұзды күмбездердің күмбезаралық кеңістіктердегі сорлармен және тақырлармен алма-кезек ауысып отыруымен сипатталады. Үстіртпен төрт тұзды күмбез жапсарласады, олар Құлдықұдық күмбез, Толағай күмбез, Шиелісай күмбез және Алашақазған күмбез.