Аққұмсағыз– Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Аяққұм құмының солтүстігіндегі құмды алқап.Сағыз өзенінің оң жағалауында орналасқан. Құмының ерекше түсіне қарай «Аққұмсағыз» аталған құмды бархан.Ғалымдар бір заманда Каспий теңізінің етегі осы жерге дейін созылып жатқанын айтқан. Яғни Аққұм Орал тауларынан аққан өзендердің теңізге құйған жері, атырабы болса керек. Ел ішіндегі аңыз бойынша Аққұм өте ертедегі үлкен қаланың орны көрінеді. Қала дегенде қалмақ ханы Алшағырдың ордасы болған екен. Қара қыпшақ Қобыланды келіп, тас-талқан етіп қиратқаннан кейін осындай өркеш-өркеш құмдардың үйіндісіне айналыпты-мыс.