Жазушы Тахауи Ахтанов 1923 жылдың 25 қазанында Ақтөбе облысының Шалқар ауданында туған.Бір деректерде жазушы туып-өскен Қарабұтақ ауылындағы мектеп 10 кластық мектеп болмағаны айтылады. Әрі қарай білім алғысы келген ол алтыншы сыныпты бітірген соң табельдегі "6" санын "9" деп өзгертіп, сол құжатпен Алматы мұғалімдер институтына келіп түскен.Әкесінің аты – Ақтан, анасы – Дәйілхан. Екеуінің Тахауи, Сапа деген екі ұлы болған.Тахауи Ахтанов 1940 жылы Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық институтына оқуға түседі. Екінші курста оқып жүргенде өзі сұранып майданға аттанады. Алғашқы әдеби көркем шығармалары өлең, очерк түрінде майдан газеттерінің беттерінде жарияланды.Тахауи да алғашқы шығармашылық ізденісін өлеңнен бастаған. Қаһарлы соғыс жылдарында да, одан кейін де поэзияда бағын біраз сынады. Естеліктерінің бірінде бесінші класс оқып жүргенде алғаш өлең жазғанын айтады.Баспасөз бетінде алғаш жарық көрген әңгімесі - "Күй Аңызы". 1956 жылы "Қаһарлы күндер" атты романы жарық көрді. "Дала сыры" повесі үшін (өңделіп, толықтырылып, "Боран" романына айналды) авторға 1966 жылы Қазақ КСР-нің Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығы берілді. 1968 жылы жазылған "Сәуле" драмасы, одан кейінгі "Боран", "Ант", "Әке мен бала" драмалары да қазақ сахнасының өміршең туындыларына айналды. "Махаббат мұңы", "Күтпеген кездесу" драмалары, "Арыстанның сыбағасы", "Күшік күйеу" комедиялары қазақ, орыс және туысқан халықтар сахнасында көрінді. А.Н. Толстойдың "Азапты сапарда" трилогиясын, М. Горькийдің әңгімелерін қазақ тіліне аударды.Тахауи Ахтанов 1994 жылы 25 қыркүйекте жетпіс жасында дүниеден аттанды . Ол еңбек еткен жылдар ішінде қазақ халқының тарихы мен өміріне өшпес ескерткіштер қалдырды, өшпес шығармаларында өз дәуіріндегі қазақтың шексіз бақыты мен шексіз жоғалуының арман-тілегін, басынан кешкендерін, азабын, мұңын, көз жасын көрсетті. Бүгінде Алматыдағы және туған жері Ақтөбедегі көшелер оның есімімен аталса, Ақтөбе облыстық драма театры оның есімімен аталады.